Ізтай Мәмбетов

МӘМБЕТОВТЕР Талайлардың фамилиясы — Мәмбетов, Жүр өмірде жайраң қағып, әндетіп. Біреулері көк орманды көбейтіп, Келе жатыр кең даланы сәнді етіп. Біреулері баптап тары, күрішті, Біреулері қайнатады құрышты. Енді бірі қала орнатып, үй салып, Жанарынан жақсылық боп нұр ұшты. Бір Мәмбетов жаудыраған жас әлі, Аяғын да апыл-тапыл басады. Бірақ ертең қосу үшін үлесін Мәмбетовтер шежіресін ашады. … Әрі қарай оқу Ізтай Мәмбетов